Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Бельгия билігі елде лаңкестік қауіп деңгейі жоғары деп дабыл қағуда

AstanaTV
16.01.2015ж. 13:00
870
Бельгия билігі елде лаңкестік қауіп деңгейі жоғары деп дабыл қағуда

Бельгия билігі болса, елде лаңкестік қауіп деңгейі жоғары деп дабыл қағуда. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Вервье қаласында болған шабуылдан соң мемлекетте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Полиция қызметкерлері тағы бірнеше экстремистті дер кезінде анықтап, террорлық әрекеттердің  алдын алған. Жергілікті прокуратураға сілтеме жасай отырып, агенттік құрықтау  операциясы кезінде екі лаңкестің қолға түскенін хабарлайды.

Белгілі болғандай екеуі де бір кездері корольдік әулетке қызмет еткен. Таяуда Сирияға барып қайтқан. Өздерінің айтуы бойынша сол елде арнайы дайындықтан өтіп, Бельгияда бірқатар лаңкестік әрекет жасамақ болған.

Бельгиялық LeSoir газеті таратқан ақпарға сәйкес тағы екі содыр халықаралық әуежай аумағында қолға түскен. Барлығы да өткен аптада Парижде тұтқындарды ұстап отырған Амеди Кулибалимен байланысты болулары мүмкін. Десе де, бұл күдік ресми дәлелін тапқан жоқ.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА