$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Шымкент әкімдігі шаһардың жасын 2200 жыл деп тану үшін, ЮНЕСКО-ға арнайы құжаттар ұсынды

AstanaTV
16.01.2015ж. 20:00
1296
Шымкент әкімдігі шаһардың жасын 2200 жыл деп тану үшін, ЮНЕСКО-ға арнайы құжаттар ұсынды

Шымкент - еліміздегі ең көне қала. Шаһардың жасын 2200 жыл деп тану үшін, ЮНЕСКО ұйымына арнайы құжаттар ұсынылды. Қаланың тарихы әріде жатқанын және мерейлі мерекені атап өту күні туралы ұсынысты қала әкімдігі әзірлеген.

Кейбір ғылыми еңбектерде Шымқала тарихының тереңде жатқаны айтылып жүр. Мұны жергілікті ғалым, әрі тарихшы Бауыржан Байтанаев дәлелді дәйектермен келтірген.  Оның пікірінше, қаланың жасы, бұған дейінгі құжаттарда көрсетілгендей, 700-800 жыл емес, 2200 жылды құрайды. Айта кетейік, егер ЮНЕСКО ұйымы бұл ұсынысты құп көрсе, Шымкент Қазақстан аумағындағы ең көне шаһар болмақ. «Және 2017 жылы қаланың мерейтойы ресми түрде аталып өтеді»,- дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Нұрлыбек Жеңісбек, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Былтырғы жылы Шымкент қаласында халықаралық конференция өткен болатын, осы Шымкенттің жасына байланысты. Оған жеті мемлекеттен және ЮНЕСКО-ның өкілдері, жеті мемлекеттен тарихшылар қатысты. Барлығы бір сөзден резолюция қабылдады. Сол резолюцияның нәтижесінде ЮНЕСКО-ға ресми құжаттардың барлығы тапсырылды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ