$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Жезқазғанда қызметтік қару ұрлаған полицейлерге қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
16.01.2015ж. 20:00
1347
Жезқазғанда қызметтік қару ұрлаған полицейлерге қатысты сот отырысы басталды

Жезқазғанда қызметтік қару ұрлаған полицейлерге қатысты сот отырысы басталды. Күдіктілер - қалалық ішкі істер басқармасының екі қызметкері мен «Сарбаз-2001» қару-жарақ дүкенінің сатушысы. Жезқазған қалалық соты өкілінің хабарлауынша, күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша іс қозғалған. Судья мәлімдегендей, олар қару-жарақты сақтап, сатумен қатар, қызметтік лауазымын асыра пайдаланған. Егер кінәсі дәлелденсе, 3-тен 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, өткен жылы қазанда Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының инспекторлары 20-ға жуық оқ-дәрі мен қару-жарақ ұрлады деген күдікпен қамауға алынған.  

Кенжеболат Жаппаров, Жезқазған қалалық сотының судьясы:

Күдіктілер - бұрынғы полицейлер. Олар қару ұрлады деген күдік бар. Өз кінәларын толық мойындады. Қарулар қайтарылды. Олар әртүрлі мерзімге сотталып, жауапкершілікке тартылады.

Айжан ҚУАШ