$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Атырауда табиғатты мұнаймен ластау дерегі тіркелді

AstanaTV
19.01.2015ж. 20:00
1489
Атырауда табиғатты мұнаймен ластау дерегі тіркелді

Атырауда табиғатты мұнаймен ластау дерегі тіркелді. Апат Мартыши кенішінен жүргізілген мұнай құбырының 81-шақырымында орын алған. Апат салдарынан тек топырақ беті ғана емес, Сарыөзек өзені де ластанды. Табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, белгісіз біреулер құбырды тесіп, мұнай ұрлаған. Бірақ ойықты бітеместен, қашып кеткен. Аталған участок облыс орталығынан 10 шақырым қашықтықта.

Мұнай құбыры «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбырлары басқармасына тиесілі. Компания мамандары қазір аумақта тазалау жұмыстарын жүргізуде. Экологтар сынамалар алып, қоршаған ортаға келген шығын мөлшерін есептеуде. Махамбет аудандық ішкі істер бөлімі «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сұғанақ қолдар ұсталып, қылмыс дәлелденсе, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сапар Тұрсынбеков, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі:

Барлық 7 учаскеге бөлініп есептелінді және бұл мұнай Сарыөзек өзеніне құйылған. Бұл жер де ластанған. Осы ластанған жерлерден Атырау облыстық экология мамандармен сынамалар алынды зертханаға. Қазіргі кезде сынама зерттелу үстінде. ҚР ҚК 188-бабының 2-де төртінші бөлігімен ұрлық фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Базаркүл ІЗІМОВА