$488.45 €529.19 ₽5.04
×

«Норманд төрттігі» Украина тақырыбын бүгін Берлинде талқылайды

AstanaTV
21.01.2015ж. 13:00
870
«Норманд төрттігі» Украина тақырыбын бүгін Берлинде талқылайды

«Норманд төрттігі» Украина тақырыбын бүгін Берлинде талқылайды. Германия астанасында төрттік елдері сыртқы істер ведомствосының басшылары кездеседі. Норманд форматындағы ұйымға мүше елдер басшыларының кездесуі 15-қаңтарда Астанада өтетіні туралы ақпар тараған.

Соңынан Ресей, Украина, Франция және Германия басшылары қатысатын бұл жиынның бірнеше аптаға кейінге шегерілгені белгілі болды. Кездесуде қаралатын басты мәселе Украинаның шығысындағы шиеленістерді оң шешу болғаны мәлім.

Соңғы рет «норманд төрттігі» елдері Сыртқы істер министрлерінің басқосуы 12-қаңтарда өткен. Онда Донбастағы жағдай 3,5 сағат бойы талқыланды. Нәтижесінде тараптар түйткілді шешу үшін, әлі де кездесулер өткізу керектігін айтты.

Ел басшылары Астанада содан соң барып бас қосады деп келісті. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА