$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ақтөбе облысындағы екі аудан халқы 12 миллион теңгеге алынған медициналық құрал-жабдықтың игілігін көре алмай жүр

AstanaTV
21.01.2015ж. 20:00
948
Ақтөбе облысындағы екі аудан халқы 12 миллион теңгеге алынған медициналық құрал-жабдықтың игілігін көре алмай жүр

Ақтөбе облысындағы екі бірдей аудан халқы 12 миллион теңгеге алынған медициналық құрал-жабдықтың игілігін көре алмай жүр. Бұл туралы облыстық прокуратураның өткен жылды қорытындылаған жиынында айтылды. Мәселен, Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылының медициналық мекемесінде жаңадан алынған рентген аппараты шамамен 5 жыл бұрын істен шығыпты. Ал Шалқар ауданында да УЗИ құрылғысы жарамсыз болып қалып, емделушілердің ағзасын зерттеуге мүмкіндік болмаған. Соған қарамастан, жергілікті дәрігерлер министрлікке «аталған аппараттардың дер кезінде көмек көрсетіп жатқанын айтып»,  жалған есеп беріп келген.

Мемлекет қалтасынан 12 млн теңгеге алынған құрылғылар уақытында жөнделуі тиіс болатын. «Бірақ мамандар қайтадан іске қосуды ойламаған», - дейді құзырлы орган өкілдері. Жауапсыздық танытқан медицина мамандары әкімшілік жазаға тартылыпты. Жалпы, 2014 жылы аймақтағы прокурорлар денсаулық сақтау саласында 24 тексеру жүргізіп, 174 заң бұзушылықты анықтапты.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы:

Ең бастысы - ол тұрып қалмау керек. Сатып алынған зат тұрып қалмау керек. Сондықтан әр тоқсан сайын министрлік барлық облыстардан осындай мәліметтер сұрайды. Қандай аппарат? Тізім бойынша. Қандай аппарат істейді? Қандай аппарат істемейді? Бұлар істемесе де, істеді қылып берген. Оның бәрі біздің тексеріс барысында анықталып, бұл бойынша ұсыныс енгізіліп, бүгінгі таңда тиісті кінәлі қызметкерлер жауапкершілікке тартылып отыр.

Мансұр ЕСХОЖИН