$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Екінші кезең үшін мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген

AstanaTV
22.01.2015ж. 10:00
1109
Екінші кезең үшін мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген

Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Бұл туралы Бурабай ауданында өткен мәжілісте айтылды.

2012-2013 жылдары, яғни бағдарламаның бірінші кезеңінде атқарылған жұмыстар баршылық. Ал, екінші кезеңде 85 бағыттағы шаруаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде Шучье-Бурабай аймағының жолдары, инженерлік инфрақұрылымдары мен экология мәселесі бар. Ал, туристерге қолайлы демалыс орындары мен шипажайлар құрылысын жүргізу үшін инвестиция тартылмақ.

«Туристік аймақтың құрылысы - бағдарлама бойынша 2016-жылы аяқталуы тиіс. Ал, 2017 жылы дәл осы аймаққа  ЭКСПО көрмесіне келген туристер тартылатын болады»,- дейді облыстық туризм басқармасының басшысы.

Шынарбек Батырханов, Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы:

Біздің бір суткалы жағдайымыз 12 мың туристке дейін қабылдайтын жағдайымыз бар. Ал, енді ЭКСПО-ға байланысты біз қазір аудандар бойынша осы Шуцье-Бурабай аймағында тағы 40-тан астам жобаларды орындап, өзіміздің бар орындарды 1 жарым мыңға көбейтіп жатырмыз. Сол туристерді қабылдау үшін 1500 жаңа орын ашылады.

Т. АМАНАЛИЕВА