$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан мүгедектердің зейнет және жәрдемақысы қысқартылуы мүмкін

AstanaTV
22.01.2015ж. 20:00
980
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан мүгедектердің зейнет және жәрдемақысы қысқартылуы мүмкін

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан мүгедектердің зейнет және жәрдемақысы әжептәуір қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Өзгеріс «Мүгедектер құқығын қорғау жөніндегі» заң жобасында қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін мекемелерде тұратын жандарға базалық зейнетақы беру мүлдем тоқтатылады. Ал «жасына қарай төленетін» зейнатақының 30 пайызы ғана сақталады. Шенеуніктер мұны әлеуметтік теңдік орнату деп есептейді. Өйткені үйде тұратын зейнеткердің шығыны аз емес. Ал әлеуметтік мекемелерге көшкендер толықтай мемлекет қамқорлығында. Бүгінде мұндай орындарда 4 мың 140 зейнеткер тұрып жатыр. Оларға жылына 1 миллиард теңге зейнетақы төленеді. Ал қалған 16 мың мүгедкке төленетін әлеуметтік жәрдемақы 8 миллиард теңгені құрайды. 

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Осының арқасында шамамен 4 млрд теңге үнемделеді. Ол қаражат бюджетте құр босқа сақталып тұрмайды. Арнайы мекемелерде сол мүгедектерді бағып-қағуға жұмсалады. Қысқасы әлеуметтік-медициналық қызметті ұйымдастыруға кетеді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ