$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қостанай облысы бойынша өткен жылы астан улану фактісіне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
23.01.2015ж. 10:00
933
Қостанай облысы бойынша өткен жылы астан улану фактісіне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы бойынша өткен жылы астан улану фактісіне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Соның үшеуі қазір тоқтатылған. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері хабарлады.

Еске салайық, өткен жылы сәуірде Қостанайдағы  жапон тағамдарын  пісіретін дәмханада 16 адам уланып, ауруханаға түскен еді. Сот шешімімен суши-бардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Кейін жәбірленуші тарап пен дәмхана қожайындары мәмілеге келіп, іс жабылған.

Санитарлық талаптарды  өрескел бұзған  Ұзынкөл аудандық  мектебінің аспаздары да жазадан құтылып кетті. Онда  53 адам тамақтан  ұшынған еді. Ал «Мерей» балалар лагеріндегі  оқыс оқиғаға қатысы бар екі қызметкер әкімшілік айыппұл төлеумен шектелді.

Қылмыс құрамы болмағандықтан, жаппай улану фактісі бойынша іс тоқтатылды. Қазір Қостанай полицейлері қазақ-түрік лицейіндегі санитарлық ережелердің бұзылуы жайында қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.

Заңғар САНАЙ


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах