$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Батыс Қазақстан облысында да кеңінен аталып өтпек

AstanaTV
23.01.2015ж. 10:00
810
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Батыс Қазақстан облысында да кеңінен аталып өтпек

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Батыс Қазақстан облысында да кеңінен аталып өтпек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Орал қаласында өткен көшпелі брифингінде хабарланды.

Биылғы жыл түрлі мерейтойлық даталарға толы. Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы және Қазақ хандығына 550 жыл толуы тойланатын болады. Сонымен қатар, әлеуметтік бағыттағы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы жалғасын таппақ.

Жобаның алғашқы кезеңінде аймақтағы жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындар қамтылады. Осыдан кейін кешенді шаралар легі облыстағы 12 ауданда жалғаспақ.

Ұйымдастырушылар түрлі әлеуметтік шаралар арқылы адамдардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, рухани-мәдени түсінушілікті арттырарына сенімді. Бүгінде саяси тұрақтылықтың кепілі болар ұлтаралық келісімді басты ұстанымға айналдырған Ақжайық өңірінде 86 ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Ғайса Қапақов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары:

Бұл енді ерекшеліктері елдің бірлігін одан әрі нығайтуға бағытталған. Қазақстанның бірлігіне өзінің үлесін қосам деген бағытта болады. Әлеуметтік шаралар өткізу  елге керек-ақ, жақсы деген шараларды атқару, сонымен қатар, елге жақсы деген жұмыстарды атқару осы жылы өзінің орнын табады деген ойдамыз.

Ерлан КАРИН