Ал тамақтан уланған Батыс қазақстандық оқушылар әлі де дәрігерлер
бақылауында болады. Күні кеше осы облыстың Қаратөбе ауданындағы
мектеп-гимназияның 17 оқушысы тамақтан уланды деген күдікпен ауруханаға түскенін
хабарлаған едік.
Бүгінде осы 17 оқушының оны үйлеріне жіберіліпті. Ал қалған
жетеуі, әлі 4 күн дәрігерлер бақылауында болмақ. Бұл туралы арнамыздың
тілшілеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы айтты.
Жас шамасы
11 мен 16 аралығындағы балаларға тамақтан уланған деген алдын-ала диагноз
қойылып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, бүгінде олардың жағдайы тәуір. Осы оқиға
ізімен Қаратөбе ауданына аттанған бактериологтар мен инфекционистерден құралған
арнайы топ мектептің қалған оқушыларын тексеруге кіріскен.
Ерлан КАРИН