Сауд
Арабиясы королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд
қайтыс болды. Жасы 90-нан асқан
басшы «өкпе дертінен» көз жұмған. Өткен айда
король Эр-Риядтағы ауруханалардың біріне жатқызылған еді.
Абдалла Сауд Арабиясының алғашқы билеушісі Абдул-Әзиз екіншінің әулетінен шыққан. Мекке қаласының
мэрі, ұлттық гвардияның қолбасшысы, сондай-ақ, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
1982
жылдан бастап тақ мұрагері атанып, 2005 жылы ағасы Фахд өлген соң таққа отырды.
Абдалла король тұсында бірқатар демократиялық заңдар қабылданды. Мәселен, ол 700-дей адамнан тұратын король әулетінің
мемлекеттік қазынадан ақша жұмсауына тиым салды.
Енді король тағына Салман ибн
Абдул-Әзиз Әл Сауд отырады. Айта кетейік, корольдің өлімі жайлы хабар нарыққа
да әсер етті. WTI маркалы мұнай құны барреліне бірден 47 долларға көтерілді -
деп, Рейтерс агенттігі хабарлады.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА