Америкалықтардың
жартысынан көбі бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды Ақ үй қожайыны
ретінде көруге қарсы емес. Мұны «Вашингтон пост»
пен ABS телекомнаиясы бірлесіп жүргізген
саулнама нәтижесі көрсетіп отыр.
Респонденттердің 54 пайызы 2016 жылы өтетін
Президент сайлауында Хиллари Клинтонның кандидатурасын қолдауға дайын екендерін
білдірген. Бір қызығы, Хиллари АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонның әйелі
екеніне ешкім аса мән бермепті.
Ол жеңіске жетсе, ел тарихындағы тұңғыш әйел
президент атанады. Еске салайық, президенттікке бірден-бір үміткерлер ретінде
Хиллары Клинтон, экс-губернатор Джеб Буш және республикалық Митт Ромнидің
есімдері аталуда. Алайда әзірге үшеуі де сайлауға түсетіндері туралы ресми мәлімдеген
жоқ.
Мөлдір ДЮСЕКИНА