Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сарапшылар пікірінше, Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет

AstanaTV
23.01.2015ж. 20:00
1184
Сарапшылар пікірінше, Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет

Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет. Ресей тарапы қалыптасқан экономикалық қиындықтарға орай Қазақстанға өз зиянын келтірмеу жолдарын сезініп, кедендік бақылауды күшейтуге келісімін бергені абзал. Бұл туралы сарапшылар бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында айтты.

Еуразиялық одақтың құрылуына қол қойған сәтте экономикалық ахуал анағұрлым жақсы болатын. Алайда 2014 жылдың соңына қарай жағдай күрт өзгеріп кетті. Ендеше Ресей Федерациясымен арадағы кедендік шекараны қымтап, жағдай тұрақталғанша күте тұру, біз үшін ұтымды болар еді. Экономист Олжас Құдайбергеновтың пікірі осыған саяды.

Олжас Құдайбергенов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры:

Егер Ресей өз еркімен, Қазақстанның ылғи талап еткеніне қарамастан, кедендік шекараларды бұрынғы қалпына келтірейік десе, құп болар еді. Қазір Қазақстанда да, Ресейде де жағдай қиындады. Енді шекарадан ары-бері бәсекеге қабілетті тауарларды ғана өткізіп, қалғандарын өз елдерімізде қалдырайық десе, бұдан біздің ел ұтады, яғни ондай тауарларға арнайы квота енгізіп, Кеден одағы құрылғанға дейінгі көлемде ұстап қалу қажет деген пікірді қуаттаймын.

Сондай-ақ, сарапшы «2015 жылы девальвация бола ма?» деген мәселеге де тоқталды. Оның пікірінше, мемлекет теңгенің құнсыздануына жол бермей-ақ, мәселені шешудің жолдарын қарастырғаны жөн. «Салымшының банктерге теңгемен салған депозиттеріне келетін қауіпті сейілтіп, мемлекеттен берілетін кепілдікті барынша арттыру қажет. Сол арқылы жыл сайын 6 пайыздық құнсызданумен экономикалық тығырықтан еш ауыртпашылықсыз шығуға болады», - деді макроэкономикалық зерттеулер орталығының жетекшісі.

Олжас Құдайбергенов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры:

Былтыр ақпан айында девальвация болды, биыл тағы болса, келесі жылы тағы да девальвацияны халық күтетін болады. Сондықтан қазір 20 пайыздық девальвация жасамау керек. Одан да теңгелік депозиттерге курстық гарантия беру керек. Гарантия бергенде, теңге құны бір жылда 6 пайыздан артық құнсызданған жағдайда ғана, беру керек. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ