Бүгін сарышұнақ аязға байланысты Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды. Таңертең ауа температурасы -37 градус шамасында болды. «Осыған байланысты елорда мектептерінде сабақ өткізілмейді»,- деп хабарлады, төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері.
«Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін күндіз Астанада ауа температурасы -23 градус, жылдамдығы секундына 5-10 метрге жететін жел соғады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында да сабақ тоқтатылған.
Аймақта ауа температурасы минус 36 градус. Оған қоса Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да аяз күшейеді. Ал Қарағанды мен Алматы облыстарында бүгін түнде қатты аяз болады деген болжам бар.
Илхам ИБРАГИМ