$488.45 €529.19 ₽5.04
×

АҚШ-тың солтүстік шығыс жағалауына аса қуатты дауыл жақындап келеді

AstanaTV
26.01.2015ж. 13:00
1040
АҚШ-тың солтүстік шығыс жағалауына аса қуатты дауыл жақындап келеді

Ал АҚШ-тың солтүстік шығыс жағалауына аса қуатты дауыл жақындап келеді. Нью-Йорк билігі табиғат апатына байланысты тұрғындарға үйден шықпау қажеттігі туралы хабарлап жатыр. Айтуларынша, бұл ел тарихынды бұрын-соңды тіркелмеген апаттың бірі болайын деп тұр.

Қазір Нью-Йоркті, Филадельфияны және Бостонды 90 сантиметрлік қалың қар басқан. Оған қоса қатты жел соғады. Көлік және әуе қатынасы толықтай тоқтатылуы мүмкін. Дегенмен халық қолайсыз күн райына дайындалып жатыр.

Дүкендерде ұзын-сонар кезек пайда болған. Олар ауыз суды, қалта шамдарын, май шамдарды көптеп алуда. Коммуналды қызмет те қар тазалайтын техникаларын сақадай сай әзірледі. Қала басшылары жолға шықпауға кеңес беруде.

Ауа райы Германияда да қолайсыздық тудырып отыр. Мұнда бір тәулікте 2 мың жол көлік оқиғасы тіркеліпті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ