Қызылжарда
«ақылды аялдама» жұмысын бастады. Оның
барлық жағы қымтап жабылған. Шыны және пластикпен қапталған нысан қыста электр
пешімен жылытылса, жазда салқындатылады. Оған қоса тегін ғаламтор желісі бар.
Сондай-ақ, коммуналдық қызметтерді
төлеуге мүмкіндік беретін арнайы терминалдар қойылған. Аялдаманың жан-жағынан
бейнекамералар орнатылған. Осының арқасында тұрғындар келген-кеткен
автобустардың бәрін көріп отырады.
Аялдаманың «ақылды» атануы
кездейсоқ емес. Мұнда сан түрлі бағыт бойынша қатынайтын қоғамдық көліктердің
барлығын «GPS» арқылы
арнайы монитордан бақылап отыруға мүмкіндік бар. Идея авторы - Петропавлдағы
жеке кәсіпорындардың бірі.
Мекеме жетекшісінің айтуынша, бұл ТМД-да теңдесі жоқ
аялдама. Кәсіпорын бар шығынды көтерген. Әзірге бір ғана аялдама қолданысқа
берілді. Болашаққа шаһар көшелерінде ақылды
аялдаманың тағы бірнешеуін орнату жоспарланып отыр.
Бауыржан
Халықов, Компания басшысының міндетін атқарушы:
Бір аялдаманың бағасы 9 млн. теңгенің аясында. Қоятын жерлерді
ойлаймыз, көп жолаушылар жиналатын орындар болады. Және көп автобус өтетін
орындар болады. Егер кісілердің жиналуы аз болса, онда жәй шыны аялдаманы қоямыз.
Абзал ҚҰРМАНКИН