Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атыраудағы мұнайдың төгілу дерегі бойынша «Қазтрансоил» қомақты айыппұл төлеуі мүмкін

AstanaTV
26.01.2015ж. 20:00
1135
Атыраудағы  мұнайдың төгілу дерегі бойынша «Қазтрансоил» қомақты айыппұл төлеуі мүмкін

Атыраудағы Мартыши кенішіне тартылған мұнай құбырындағы қара алтынның төгілу дерегі бойынша «Қазтрансоил» компаниясы қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экология департаментіне заңсыздықты жою жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл жайында арнамызға табиғатты қорғау прокуратурасының өкілі айтты.

Сапар Тұрсынбеков, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі:

«Қазтрансоил» акционерлік қоғамының лауазымды және заңды тұлғаларына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 327-бабында, яғни «болған апаттық оқиғаны экология департаментіне хабарламау» жөнінде, және 337-бабының 2-бөлігінде көзделген, яғни «улы заттарды тасымалдау кезінде жерді ластау» фактісі бойынша, және 324-баптың 1-ші бөлігінде «қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар нормаларды бұзу» фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізу жөнінде ұсыныс енгізілді.

Еске салайық, қаңтардың 16-сы күні Мартыши-Атырау мұнай құбырының 81-шақырымында мұнай төгілу фактісі орын алған болатын. Сол кезде табиғат қорғау прокуратурасы белгісіз адамдар құбырды тесіп, мұнай ұрлап, кейін орнын бітемей қашып кеткенін айтқан. Аталған дерек бойынша Махамбет аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-тармағы «мұнай-газ құбырынан аса iрi мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық» фактісімен қылмыстық іс қозғады.

Базаркүл ІЗІМОВА