$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан Президентінің халыққа арнаған жолдауына Үндістандағы танымал тұлғалар оң баға берді

AstanaTV
26.01.2015ж. 20:00
1214
Қазақстан Президентінің халыққа арнаған жолдауына Үндістандағы танымал тұлғалар оң баға берді

Қазақстан Президентінің халыққа арнаған жолдауына Үндістандағы танымал тұлғалар оң баға берді. «Нұрлы жол» даму стратегиясымен танысып шыққан белгілі үнді дипломаты әрі ғалым Парамджит Сахайдың пікірі осыған дәлел. Ол өз сөзінде «саяси жоспар - жаһандық қиындықтардан өтудің төте жолы» екенін атап өтті. «Қиын кезде Ұлттық қордан қаражат бөлу - әлемдік тербелістердің салдарын халық үшін барынша жеңілдету»,- дейді саясаткер. Сондай-ақ қосымша қаржы, экономиканың тұрақты дамуын әрі қарай жалғастыруға сеп болатынын да қоса кетті.

Сарапшының сөзінше, концепцияның түпкі мақсаты - Қазақстанды әлемнің «дамыған 30 елінің» қатарына енгізу. Ал әлеуметтік инфрақұрылымды дамытатын бағдарламалар тұрақтылық пен келісімді сақтап, халықты рухани тұрғыдан күшті, әрі төзімді ете түспек. 

Парамджит С.Сахай, cаясаткер, \Үндістан\:

«...бұл концепция - әлемдік архитектураның өзгеруіне Қазақстанның жауабы, әрі «жаһандық қатерлер» туындатып отырған мәселелерді шешудің жолдары. Жаңа даму концепциясы Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясын қамтамасыз етіп, «геосаяси шиеленістің орталығына» жақын бола тұрып, қиындықтарға қарсы тұруына мүмкіндік береді. Экспорттық шикізаттар құнының құлдырауына қарамастан, Қазақстан билігі әлеуметтік жауапкершілігін толық мойнына алып отыр...»

Азамат АЛДОҢҒАРОВ