Атыраулық мұнайшы беймәлім аурудан қайтыс болған. Бұл туралы облыс
әкімдігінің баспасөз қызметі жазбаша хабар таратты. «Теңізшевроил»
компаниясының мердігер «Имстальком» серіктестігінде қызмет ететін 4 мұнайшы
жұқпалы ауруға шалдықты деген күдікке ілінді. 1 мұнайшы ауруханада қайтыс
болған.
Баспасөз мәліметінде айтылғандай, 1973 азамат клиникада көз жұмған.
Онымен тікелей қарым-қатынаста болған әріптесі облыс орталығына жіберілді.
Сырқаттардың дене қызуы көтеріліп, әлсіреген. Денесін мен аяғында
гемморагациялық бөртпе пайда болған. Қазір 3 адам оқшауланып, дәрігерлердің
қатаң бақылауына алынды. Олардан әзірге ауру белгілері анықталған жоқ. Қазір
бірнеше маманнан жасақталған арнайы бригада құрылып, Жылыой ауданына жіберілді.
Базаркүл ІЗІМОВА