$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Өскемендік құтқарушылар гидроқұрылғыларын түгендеп, топан судың алдын алу шараларын бастап кетті

AstanaTV
27.01.2015ж. 10:00
1043
Өскемендік құтқарушылар гидроқұрылғыларын түгендеп, топан судың алдын алу шараларын бастап кетті

Сары шұнақ аязға қарамастан, Өскемендік құтқарушылар гидроқұрылғыларын түгендеп, топан судың алдын алу шараларын бастап кетті. Өңірге Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко арнайы келіпті.

Ол, ақ ұлпаның еруін күтпестен, облыстағы қала мен аудандарды қалың қардан тазалау жұмыстарын бастау керек деген пәрмен берді. Сондай-ақ, мұздың қалыңдығын бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда оны жару керек, - деген.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Қазір инженерлік құрылғыларға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Шығыста жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық су қоймаларын тексеріп, жағажайдағы бекіту жұмыстарын да атқарудамыз. Бақылауды ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп өткізудеміз.

Владимир Божко сондай-ақ, кейбір тұрғындардың наразылығын тудырған, түн ортасында төтенше жағдай мамандарынан келетін СМС ескерту-хабарламаларға да қатысты ойын айтты. Айтуынша, хабарландырудың осындай түрінен министрлік бас тартпайды.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Түн ортасында шошып оянамыз деген уәждері бар хаттар, менің блогыма да келіп жатыр. Ондай адамдарға ұялы телефондарын сөндіріп жатсын деген кеңес беремін. Дегенмен, бір-екілі адамға бола хабарлама таратуды тоқтатпаймыз. Өйткені, мыңдаған адам ескерту алып, уақтылы сақтық шараларын қолданып жүр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА