$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Әнұран ойнап жатқан кезде АҚШ Президентінің сағыз шайнауын үнділіктер «оғаш қылық» деп бағалады

AstanaTV
27.01.2015ж. 10:00
1256
Әнұран ойнап жатқан кезде АҚШ Президентінің сағыз шайнауын үнділіктер «оғаш қылық» деп бағалады

Нью-Делиге ресми сапармен барған АҚШ Президенті Барак Обама өзінің ерсі қылығымен үнді халқын қорлады, деп хабарлайды Рейтерс агенттігі. Үндістанда Республика күніне орай әскери шеру өтті. Мерекелік шара барысында мемлекеттің әнұран ойнап жатқан кезде АҚШ Президенті Барак Обама сағыз шайнап тұрған.

Мұны үнділіктер «оғаш қылық» деп бағалады. Әлеуметтік желілерде Құрама штаттар басшысының бұл әрекеті қызу талқыға түсті. Айта кету керек, Обама сағыз шайнағаны үшін алғаш рет сынға алынып отырған жоқ.

Осыған дейін ол одақ әскерінің Нормандияға кіруіне 70 жыл толған салтанатты рәсімде де сағызбен көзге түскен болатын. Дәл сондай жағдай 2013-ші жылдың желтоқсан айында Нельсон Манделаның жаназасында да қайталанған еді.

Алайда, қоғам өкілдері сол кезде Барак Обаманы басқа қарекеті үшін, нақтырақ айтсақ, Ұлыбритания мен Данияның премьер-министрлерімен фотосессия ұйымдастарғаны үшін сынаған еді.

Абзал ҚҰРМАНКИН