$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын талқылады

AstanaTV
27.01.2015ж. 13:00
1071
 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын талқылады

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын талқылады. Сондай-ақ палатаға мүшелікке енгені үшін төленетін міндетті жарнаның көлемі мен тәртібін бекітті.

Өңірлерден жиналған съезд делегаттары бұған дейін кәсіпкерлердің жылдық табысының көлеміне байланысты екі санат бойынша ғана төленіп келген жарнаны ішінара 10 санатқа жіктеді. Бірінші санат бойынша 160 есептік айлық көрсеткіш бойынша төлейтін кәсіпкерлер санаты 6-ға бөлініп, төлемдері 50 пайызға шегерілді.

Ал 4400 есептік айлық көрсеткіш бойынша төлейтін ірі бизнес субъектілері үшін енді 4 санат бойынша жарна 89 пайызға төмендеді. Бүгінгі съезд барысында қабылданған барлық шешімдер қазіргі қаржылық қиын кезеңде отандық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды.

Сондай-ақ жаңа жоспарларды ұлттық палаты жаңа атаумен іске асыруға бел буып кіріседі. Екінші съезд делегаттары үйреншікті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атауына «Атамекен» тіркесін қосты.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы: 

Біз ұсынып отырған шаралар мүшелік жарна көлемін жалпылама алғанда 60 пайызға шегеруге мүмкіндік береді. Өткен жылы жинаған тәжірибеміз бар, жаңа жоспарымыз бар, біздің ойымызша кәсіпкерлікті барынша қол жетімді етеді. Биылғы болжамымыз бойынша мүшелік жарнаның 70-80 пайызы жиналады деген үміт бар. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ