Атырауда беймәлім сырқатқа
шалдыққан мұнайшының жағдайы әлі де ауыр. 23 жастағы науқас жігіт қазір Атырау
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
Надя
Ерғалиева, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:
Түскен
кездегі алғашқы диагнозымыз Мегакоковый инфекция. Менингококцемия деп қабылдадық
ішке. Түнді науқас тыныш өткізді. Дене қызуы қалыпқа келді. Денесіндегі бөртпелерден
жаңадан шығып жатқан бөртпелер жоқ. БАК анализ бен жұлыннан су алынады. БАК анализінің қорытындысы 3-4 күннен соң шығады. Жұлыннан алынған судан цитоз көлемін
қараған кезде миненгококовый инфекцияны дәлелдейтін анализдің қорытындысы шықты.
Дәрігердің
айтуынша, мұнайшының бұл дертті қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз. Арнайы
комиссия құрылып, оқиға орнына жұмысқа кіріскен. Еске салайық, кешегі қорытынды
жаңалықтарымызда Имстальком компаниясының 1 қызметкері жұқпалы аурудан көз жұмғанын
хабарлаған едік.
Тағы 3 адам оқшауланған. Қазір өзге екі науқас Теңізшевроилдың
клиникасында ем алуда. Дәрігерлер оларға да «Менингит. Менингококкцемия» диогнозын қойып отыр. Теңізшевроил серіктестігінің баспасөз қызметі
арнамызға жазбаша жауап қатты.
Айтуларынша: «науқастар зауыттың аумағына
кірген жоқ. Сәйкесінше, олардың зауытқа кіруге рұқсаты болмаған»,- делінген
хабарламада.
Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ