$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс жалғасуда

AstanaTV
27.01.2015ж. 20:00
1347
Футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс жалғасуда

Азия кубогының бас жүлдесінен дәмелі Оңтүстік Корея құрамасы өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Құрлық жарысындағы турнирдің жартылай финалында бұл мемлекеттің футболшылары Ирак командасын сан соқтырып кетті. Алғашқы голды Ули Штикеленің шәкірттері бірінші таймның 20-шы минутында соқты. Голдың авторы - Ли Чжон Хеп.

Бұл голдан кейін шабыттанған Корея ойыншылары үзілістен кейін есепті еселеді. Бұл жолы Ким Ен Гвон өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Қалған уақытта да қарап қалмаған Корея құрамасы есепті ұлғайтатын мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ бұл сәттерде қателікке бой алдырмаған қақпашы Исмаил Хасан қауіптің бетін қайтарды. Екінші жартылай финалда жарыс иелері Австралия және БАӘ құрамасы өзара мықтыны анықтайды.



Сондай-ақ теннистен Австралия ашық чемпионаты жалғасуда.

Дәрежелі жарыстың бас жүлдесінен дәмелі Сербия спортшысы Новак Джокович ширек финалға жолдама алды. Төртінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Люксембург теннисшісі Жиль Мюллермен кортқа шықты. Кездесу басынан сауатты ойынымен көзге түсіп, қателікке бой алдырмаған Джокович жанкүйерлер қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ, өз кездесулерінде қарсыластырының алдын орап кеткен Милош Раонич пен Кей Нишикори келесі кезеңге өтті. 

Самат ҚАНАҒАТОВ