$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейді

AstanaTV
28.01.2015ж. 10:00
1484
Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейді

Қыс қаһарына мініп, аяз күшейгелі бері Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейді. Бүгінде үсіп қалған 25 адамға медициналық көмек көрсетілген. Үсік шалғандардың 12-сі ауруханаға жатқызылса, қалғандарына тиісті ем-дом жасалып, үйлеріне қайтарылған.

Ал 7 адамның аяқ-қолын кесуге тура келген. Дәрігерлердің сөзінше, олардың дені - ішімдікті серік қылғандар. Баратын тұрағы жоқ қаңғыбастар көше кезіп, қоқыс ақтарып жүріп, денесі домбығып кеткенін сезбей қалатынын айтады.

Дәрігерлер суықта алкогол ішу керек деген кеңесті теріске шығаратыны мәлім. Өйткені, мас адам тоңғанын байқамайды. Сондықтан, бірінші кезекте жылы жерді паналау керек. Мүмкіндік болса, киімді ауыстырып, тіпті ыстық шай ішіп, дене жылытқан артық етпейді дейді. Ал ауа-райын болжаушылар, сақырлаған сары аяздың қарқыны ақпан айы бастала бәсеңдейді, дейді.

Жұмабек Шайхиев, БҚО клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

7-8 науқасқа үсіп кеткен жерлеріне ота жасалды. Бәріне көмек көрсетіліп, қазіргі таңда олар адаптационный центр, сестринский уход деген жерлерге жеткізілді. Қазір біздің бөлімде 4 науқас жатыр, оларға көмек көрсетіліп жатыр. Керек дәрі-дәрмек бәрі бізде жеткілікті.

Ерлан КАРИН