Сот
төрелігін атқаруды одан әрі жақсартып, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз
ету қажет. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат
Мәмиге осыны тапсырды», - деп хабарлайды Ақорда сайты.
Президент
қабылдауында болған төраға соттардың 2014 жылғы қызметінің қорытындылары
туралы баяндаған. Оның айтуынша, соттарға 1 миллион 200 мыңнан астам арыз және
іс келіп түскен.
Сондай-ақ,
Жоғарғы сот төрағасы электрондық сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де сөз
қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған, жаңа
қылмыстық заңнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Осыған сай бірқатар
нақты тапсырмалар берді.
Т. ОСПАНБАЕВА