«Қазпошта» өзінің
әлеуметтік-саяси міндеттерін сезінбей отыр. Ұлттық оператор ауыл - «Қазпошта» қызметіндегі біраз кемшіліктерді жіпке
тізіп, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке сауал жолдады.
«2013 жылы «Қазпошта» кірістері 2012 жылмен салыстырғанда 14% - ға өсіп, 30,8 млрд теңгені құраған.
Акционерлік қоғамның таза табысы үш жыл қатарынан өскен. «Десе де пошта басшылығы
жұмсалған шығынның ақталмауы туралы айтып, үнемі субсидияға сұрайды да отырады»,-
дейді депутат.
«Сондай-ақ, өңірлерде пошташылар өз жұмысы үшін 5 мыңнан 15 мың
аралығында жалақы алса, орталық аппараттағыларға 10 есе жоғары айлық төленетініне
тоқталды. Оған қоса, ұлттық оператор қызметкерлері тарапынан жасалған заң бұзушылықтар
жыл сайын артып келеді»,-деді.
Мәселен, Орал қаласында мүгедек балалар шотынан
ақша ұрланса, Ақтауда пошта қызметкерлері сәлемдемелерді ашып, өздеріне ұнаған
заттарды алғандары тіркелген. Тұртаевтың айтуынша, «Негізгі проблема - тиімсіз
менеджментке келіп тіреледі».
Алмас Ұзақұлы Тұртаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, «Ақ жол" ҚДП фракциясының мүшесі:
«Қызметтер
құны кезеңді артқанымен, қызметтер сапасы жақсарған жоқ, яғни хат-хабарлар
Астана және Алматы қалаларына 2-3 күнге, облыстарға 7 күнге кешеуілдеп
жеткізіледі. Өңірлерде интернет дамымағанын, жұртшылық әлі күнге дейін газет оқитынын
ескерсек, онда «Қазпочта» АҚ өзінің
әлеуметтік-саяси міндеттерін әлі сезінбей келеді».
Мөлдір ДЮСЕКИНА