$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Украинаның «Нафтогазы» «Газпромнан» 6,2 млрд доллар өндіріп алмақ

AstanaTV
29.01.2015ж. 20:00
863
Украинаның «Нафтогазы» «Газпромнан» 6,2 млрд доллар өндіріп алмақ

Украинаның «Нафтогаз» компаниясы ресейлік «Газпромнан» көгілдір отын транзитінің көлемін азайтқаны үшін 6,2 млрд доллар өндіріп алмақ. Бұл үшін компания Стокгольм төрелігіне жүгінді. Украина тарапы газ көлемінің жетпей жатқаны үшін 3,2 млрд доллар өтемақы және осы соманың пайыздарын төлеуді талап етуде.

Ал бұған дейін дәл сол Стокгольм төрелігіне «Газпром» да жүгінген. Олар украиналық ұлттық компаниядан 4,5 млрд доллар қарызын төлеуді талап етті. Бұл жолы«Нафтогаз» «Газпромның» Украинаға жеткізіп отырған газы үшін әділ, әрі нарықтық баға орнатылсын деген талабын жолдаған. Бұл дау бойынша алғашқы тыңдау 2016 жылдың ақпан-наурыз айларында өтуі мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ