Қарағанды облысындағы Чапаево елді-мекенінің тұрғындары
әкімді жұмысынан таппайды. Бүгін олар осыны айту үшін шенеуніктің есеп беру
жиынына келді. Жергілікті жұрт, ауыл басшысының жұмысқа келмегеніне 2 айдан
асты дейді, тіпті оның жұмыс кабинетінің үнемі жабық тұратынын бейнетаспаға
түсіріп алған.
Халық ауыл әкімінің есебіне арнайы дайындықпен келген. Сөздерінің дәлелі
ретінде бейнетаспаға түсірілген материалдарды да ала келіпті. Олар әкім ауылға
ат ізін салмайтындықтан, проблемалардың қордаланып қалғанын айтады. Ауыл әкімі
Жанболат Құрмановты тұрғындар іске селқос қарайды, деп айыптады.
Бақытжан Әбікеева,Чапаево ауылдық округінің тұрғыны:
Мен акиматқа үш рет бардым. Есігін құр сипап қайттым. Даже
акиматқа жол да болмады, жолды өзім салдым. Өзім ойлап қоям, әкім қайда деп...
Жанболат Құрманов, Чапаево ауылдық округінің әкімі:
Жоқ, рас емес. Ол хозяйствоның айтып отырғаны. Мен
постоянно жұмыста болам.
Чапаево ауылы Қарағандыдан 180 шақырым қашықтықта. Шағын
елді-мекенде 70 адам тұрады. Халықтың күнкөрісі жалғыз «Баян» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі. Мал бағады, егін егеді. Бақытжан Әбікеева 1 ай бұрын
осында көшіп келіпті. Серіктестікке жұмысқа тұрған. Жұмыс беруші 5 балалы
отбасына үй берген. Қаладан қажып, ауылды паналаған отбасының қуанышы ұзаққа
созылмады. «Мұнда не дүкен, не медпункт жоқ»- деп қынжылады.
Бақытжан Әбікеева, Чапаево ауылдық округінің тұрғыны:
Балалар ауырса қиын. Халық медицинасымен емдемесек. Дәрігер
жоқ, анау жоқ, мынау жоқ дейді. Президент ауылды дамыту керек деп жатыр.
Өздері ауылдан теріс айналып жатса, ауылды кім көтереді.
Ауылда ары-бері қатынайтын автобус та жоқ. Дәрігерге
қаралып, дүкеннен тауар алу үшін тұрғындар 20 шақырымдай қашықтағы Садовое ауылына
таксимен баруға мәжбүр. Жол ақысы 4 мың теңге. Қарапайым ауылдықтар үшін бұл
әрине, аз ақша емес.
«Ауылда 5 баспақұдық бар. Бірақ оның біреуі ғана жұмыс
істейді»,-деді тұрғындар. 2010 жылы бұл суағарларды жөндеуге қомақты қаражат
бөлінген. Аудандық прокуратура, ол қаржының ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кеткенін анықтады.
Біздің редакциямызда прокуратураның Осакаров аудан
әкімінің атына жіберген ескерту хатының көшірмесі бар. Осыдан 2 ай бұрын «ақша
ерікті түрде, не сот арқылы қайтарылсын»,- деп анық жазылған.
Гауһар Хамзина, «Баян» ЖШС директорының орынбасары:
Аудан әкімі 2010 жылы 1 млн 800 мың теңгеге жуық қаржы бөлген. Оның миллионы тиісті мақсатқа жұмсалмаған. Прокуратура жоғалған ақша бюджетке
қайтарылсын делінген. Екі жылдан бері біз осының соңына түсіп келеміз. Бұған
дейін қыруар соманы ешкім іздемеген.
Дау-дамаймен мәселе шелімейтінін екі тарап та жақсы біледі.
Кездесу барысында белгілі болғаны жуырда медпункт ашылатын болды. Алайда,
электр жарығы, су, дүкен, автобус мәселесі басы ашық күйі қалды.
Сержан Аймақов, Осакаров ауданының әкімі:
Я так думаю, дадим время. 2 ай уақыт берейік. Февраль, март
екі ай жұмыс істесін. Апрельде келем.
Әкімдіктегілер әлеуметтік проблемаларды шешуге «Баян»
серіктестігі көмек көрсетсін деген ұсыныс тастады. Бұған ашуланған халық
атқарушы биліктің қызметі мен борышын түсінбей дал.
Айжан ҚУАШ