$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Екібастұз әкімі билік тарапынан Украинаға көмір тасымалдау туралы ұсыныс түспегенін айтты

AstanaTV
30.01.2015ж. 10:00
2139
Екібастұз әкімі билік тарапынан Украинаға көмір тасымалдау туралы ұсыныс түспегенін айтты

Екібастұздық кеншілерге Украинаға көмір тасымалдау туралы ұсыныс әлі түспеген. Бұл туралы журналистерге шаһар басшысы Александр Вербняк брифинг барысында мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, осы күнге дейін мемлекеттік құрылымдардан ешқандай тапсырма және бірде-бір коммерциялық ұсыныс болмаған.

Сондай-ақ, әкім ресей валютасының құлдырауы жергілікті кеніштер жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын жасырмады. Мәселен, «Богатырь көмір» ЖШС және басқа да компаниялар биылғы келісімдерді рублмен бекіткен.

Салдарынан табыс төмендеп, бір айлық шығын көлемі 1 миллион АҚШ долларына жеткен. Александр Вербняктың сөзінше, бүгінде өндіріс ошақтары бұл келісім-шарттарды қайта қарауға кіріскен.

Бұған дейін Украина қазақстандық көмірді сатып алуға ниетті екені хабарланған болатын. Өткен жылдың соңында Киевке іс-сапармен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрші елге Екібастұздық қара алтынды тасымалдауға әзір екенін мәлімдеп еді.

Александр Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі:

Екібастұз көмірінің ерекшеліктерін білесіздер, күлді көмір және оны станцияларда белгілі бір құрал-жабдықпен ғана күйдіру қажет. Сондықтан, Украина үшін Қарағанды көмірін алу тиімдірек болатын шығар. Оның калорриясы, құрамы да жоғары. Дегенмен, Екібастұздың ғана көмірі жеткізілсін деген нақты міндет қойылған жоқ.

Асема МҰХИТОВА