$517.45 €598.59 ₽6.58
×

«Нафтогаз» «Газпромнан» 12,2 млрд доллар өндіріп алмақшы

AstanaTV
30.01.2015ж. 13:00
1347
 «Нафтогаз» «Газпромнан» 12,2 млрд доллар өндіріп алмақшы

Украинаның газ бойынша Ресейден сұраған соммасы 12 млрд доллардан асып кетті, деп жазады «Ведомости». Бұл соманың жартысынан астамы транзиттік келісім-шартқа байланысты.

«Нафтогаз» ресейлік монополист газды жеткілікті көлемде бермегені үшін 3,2 млрд доллар өтемақы және осы соманың пайыздық үстемақысын төлесін деген арызын сотқа жолдаған. Бұл туралы «Газпромның» есебінен белгілі болды.

Сонымен қатар, көгілдір отын келісімі Еуропа және Украина заңнамаларына негізделсін, деген талап қойды. Украинаның өзі де «Газпромға» 2 млрд доллардай қарыз. Бірақ оны мойындар емес. Сотқа алғашқы болып ресейлік компания жүгінген.

«Газпром» өткен жылдың маусымында Стокголь сотына «Нафтогаз» 4,5 млрд доллардан асатын қарызын қайтару туралы талап арызын жолдады. Ал украиналық компания Ресей көгілдір отын құнын нарықтағыдай әділ көрсеткішке жеткізсін дейді.

Стокгольм «Нафтогаз» бен «Газпромның» арасындағы газ дауын 2016 жылдың бірінші тоқсанында ғана қарауы мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ