$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан түрмелері шетелдің кейбір абақтыларына қарағанда жұмаққа бергісіз

AstanaTV
30.01.2015ж. 20:00
1976
Қазақстан түрмелері шетелдің кейбір абақтыларына қарағанда жұмаққа бергісіз

Қазақстан түрмелері жазасын өтеп жатқан шетелдіктер үшін жұмаққа бергісіз. Бұл жайында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәжілісінде айтты.

«Астана» арнасының тілшісі жазасын елімізде өтеп жатқан шетелдік Барох Питерге қатысты сұрақ қойған болатын. Кәмелетке толмаған қыздарды азғырып, суретке жалаңаш түсіргені үшін британдық былтыр 8 жылға сотталған еді. Алайда, Қазақстан түрмелерінде жағдайдың қолайсыздығын айтқан оның қорғаушысы сотқа қайтара шағым түсірді. Тек оның арызы қанағаттандырылмай, үкім күшінде қалды. Облыстық сот төрағасы заңның баршаға ортақ екенін жеткізді.

Бек Әметов, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

Барохтың «түрмедегі жағдай нашар» деген шағымымен келіспеймін. Елімізде түзету мекемелерінің деңгейі, әлемнің өзге түрмелерімен салыстырғанда, анағұрлым жақсы. Мәселен, Американың бақылауындағы «Гуантанамо» түрмесімен салыстырар болсақ, Қазақстандық түрмелер жұмаққа бергісіз.

Еркін КАРИН