$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Қытайлық «Sinosteel» компаниясы Қарағандыда ірі зауыт құрылысын бастамақ

AstanaTV
02.02.2015ж. 10:00
1076
Қытайлық «Sinosteel» компаниясы Қарағандыда ірі зауыт құрылысын бастамақ

Қытайлық «Sinosteel» компаниясы Қарағандыда ірі зауыт құрылысын бастамақ. Жаңа жоба бойынше екі жақты меморандум жасалды. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат жазды.

Жоба «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында қолға алынбақ. Ферро-силикоалюминий қорытпасын шығаратын зауыт инновациялық технологияны қолдану арқылы салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін аймаққа 82,5 млрд. теңге инвестиция тартылмақ.  

Бұл шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деген жоспар бар»,- деді Қарағанды облысының әкімі.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА