$488.26 €530.54 ₽5.03
×

162 жолаушымен апатқа ұшыраған малаизиялық ұшаққа қатысты қосымша деректер анықталды

AstanaTV
02.02.2015ж. 10:00
961
162 жолаушымен апатқа ұшыраған малаизиялық ұшаққа қатысты қосымша деректер анықталды

Малайзиялық AirAsia әуе компаниясына тиесілі Airbus 320-200 ұшағының командирі апат алдында «түсініксіз іс-қимылдар» жасаған. Бұл тергеу амалдары кезінде анықталды, деп жазады The Independent.

Аталған ұшақ өткен жылдың 28 желтоқсанында Индонезия жағалауында апатқа ұшыраған еді. Тергеушілердің сараптамасына сай командир орнынан тұрып, борттағы компьютерді сөндіріп тастаған. Екінші ұшқыш оның бұл қылығын түсінбей, салдарынан ұшақ күрт биікке көтерілген. Оның соңы апатқа алып келген.

Еске салайық, AirAsia әуе кемесі Сурабая қаласынан Сингапурға ұшып шыққан. Бақылау құрылғыларынан ғайып болған ұшақтың қалдықтары кейін Борнео жағалауларынан табылды. Бортта болған 162 адамның барлығы қаза тапты. Басым көпшілігі Индонезия азаматтары.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ