$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Өскемендегі ТЖ департаменті оқу орталығында оқушылар үшін оқу жаттығу өтті

AstanaTV
02.02.2015ж. 10:00
1706
Өскемендегі ТЖ департаменті оқу орталығында оқушылар үшін оқу жаттығу өтті

Боран соғып, бұрқасын болғанда қалай қорғану керек. Өскемендік оқушылар төтенше жағдай мамандарының көмегімен қиындықтан жол табудың тәсілдерін меңгерді. Құтқарышулар оларға айдалада қалып қойған жағдайда, көмек келіп жеткенше үсіп қалмаудың жолдарын үйретті.

Көліктегі қандай да бір жамылғының, тіпті қалташалардың да көмегімен құтқарушылар жеткенше амалдап, жан сақтай тұруға болатынын айтты. Егер далада ауа температурасы минус 30 градус болса, жамылғы бүркенгенде ол аязды шамамен минус 5 градус төмендетеді.

Ал егер айналада тал-тоғай болса, жерде қалың қар жатса, оны терең қылып қазып, үңгірде бірнеше адам болып, көмек келгенше бой тасалау да дұрыс қадам. Балаларға бұл тәсіл ерекше ұнады. Олар, енді жолда қалсақ не істеу керектігін білеміз дейді.

Таңгүл ҚАБДЫЛОВА, ОҚУШЫ:

Қарды ішінен қазып, сосын бетін полиэтилен қалтамен жаптық сол кезде бізге жылы болды. Ол бір адамға істелінді. Ішінде қанша адам болса, орын аз болса соншалықты жылы болады.

Нұрлан ӘЛМҰРАТОВ - ШҚО ТЖ департаменті оқыту орталығының басшысы:

Қыстың күндері ата-аналар балаларын жолға бірге алып шығып, қар құрсауында қалып жатады. Бүгін біз бұндай жағдайда қалай қимылдау керектігін көрсеттік. Қардан қалқан жасауды, қолда бар қандай заттарды қолдануға болатынын үйреттік.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ