$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Петропавлда әйелдер колониясында балаларға арналған көлік белбеуі шығарыла бастады

AstanaTV
03.02.2015ж. 10:00
1344
Петропавлда әйелдер колониясында балаларға арналған көлік белбеуі шығарыла бастады

Петропавлдағы әйелдер колониясында тоқыма цехын ашқан жеке кәсіпкер балаларға арналған көлік белбеуін шығарып жатыр. Осылайша жазасын өтеушілер пайдалы кәсіпке тартылды. Бұған дейін аталған цехта монша жөкесі мен жаңбырда киетін жамылғылар жасалған. Бизнесмен жаңа ережелердің қабылдануына байланысты балалардың белбеуіне деген сұраныстың күрт артқанын байқап, бұл тауарды өндіріске енгізді.

Айтуынша, белбеудің сапасы шетелден жеткізілетін тауардан еш кем емес, ал бағасы қол жетімді. Шағын цехта мұндай белбеулерді әзірге 4 адам тоқиды. Бүгінде өнімнің алғашқы 1000 данасы жасалды.

Бірақ, тауар сауда сөрелеріне әлі қойылмаған. Себебі, кәсіпкердің арнайы сертификаты жоқ. Маңызды құжатты рәсімдеуге шамамен бір айдай уақыт қажет,- дейді. Кәсіп иесі балалар белбеуіне патент алуды да жоспарлап отыр.

Айта кету керек, петропавлдық азамат Қазақстанда балалар белбеуін шығаруды бірінші болып қолға алды.

Айқын Баженов, ЕС 164/6 түзету мекемесінің бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары:

2015 жылғы қаңтар айынан бастап қазір мына жаңа заңға байланысты адаптер істеп жатыр. Бұл сотталғандар күн тәртібі бойынша сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Түскі демалыстары бар, және де бұл кәсіпкерде 5 күн жұмыс істейді.

Абзал ҚҰРМАНКИН