$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Батыс Қазақстан облысындағы газ құбырының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
03.02.2015ж. 13:00
880
Батыс Қазақстан облысындағы газ құбырының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысындағы газ құбырының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде арнамыздың тілшісіне көлік прокуратурасының өкілі хабарлады. Құқық қорғаушылар құбырды пайдалану барысындағы кемшіліктерді тексермек.

Ал, Зеленов ауданындағы 9 ауылға «көгілдір отын» әлі берілген жоқ. Тұрғындар кешеден бері дірдектеп, газсыз отыр. Бұған «Орынбор-Жаңапсков» бағытындағы халықаралық газ құбырының жарылуы себеп болды.

Апаттың кесірінен 22 елді-мекен бір мезетте газдан ажырады. Кейін жөндеу жұмыстарының арқасында Тасқала ауданына газ берілді. Ал, Зеленов ауданындағы 12 мыңға тарта тұрғыны бар 9 ауыл бір тәуліктен бері жылусыз.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов газдың бүгін берілетінін хабарлады. Әлеуметтік мекемелерге дизелді генераторлар мен ыстық ауа айдайтын жылыту құрылғылары қойылды. Мектептерде сабақ тоқтаған жоқ. Тұрғындар электр пештерін пайдалануға көшкен.

Қайрат Әбуов, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы:

Жұмыстардың бәрі кеше түнде аяқталған болатын. Толықтай труба бәрі орнына қойылды. Жалпы 15 метрдей труба ауыстырылды. Оны түнде газды қосуға қауіпті болғасын, күндізге қалдырып, қазір сол қосу жұмыстары жалғасуда.

Еркін КАРИН