$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Жамбыл облысына барған премьер-министр орынбасары еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды

AstanaTV
03.02.2015ж. 13:00
1348
Жамбыл облысына барған премьер-министр орынбасары еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды

«Импорттың көлемін көбейтпеу керек». Жамбыл облысына іс-сапармен барған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді. «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» кәсіпорнында болған вице-премьер жұмысшы қауымның еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Энергетика және транспорт саласына жеңілдіктер қарастырылатынын айтты.

2008-2009 жылдардағы қаржылық қиындыққа төтеп бердік, бұл жолы да еңсеміз түспейді деп сендірді. «Жамбыл облысы еліміздегі негізгі ауыл шаруашылықты аймақ»,-деген Бердібек Сапарбаев осы салада осалдық танытуға болмайтынын аймақ басшыларына қадап айтты. Мәселен, бұл бағытта Үкімет еліміздегі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 360 млрд.теңге бөлгенін айта кетті.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер Министрінің орынбасары:

Ең негізгісі - біз мынау өзіміздің кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін таауарларын басқа жақтан алып келмеуіміз керек. Яғни, импорттың көлемін көбейтпеуіміз керек. Бірінші кезекте Жамбыл өңірінде шығарылатын тауарлар мен өнімдерді басқа жақтан алып келмеу. Содан кейін ары қарай - Қазақстан. Ең негізгісі6 үлкен біздің Ұлттық компаниялар да осы бағытта жұмыс жасау керек.

 Жиында сөз алған «Қазфосфат» серіктестігінің басшысы «Электр желілерін басқару» жөніндегі «Кегок» компаниясының пайыздық жеңілдіктеріне қанағаттанбайтынын жеткізді.  Фосфор өндірісімен айналысатын серіктестік «Кегокқа» жылына 5 млрд. теңге төлейді. Ал осы төлемдерге тек 1 пайыз ғана жеңілдік жасалған,-деді Қазфосфат басшысы.

Осы жағынан едәуір жеңілдік жасалса деген ұсынысын жеткізді. Бұл ұсыныс алдағы уақытта қайта қаралмақ. Жиында Жамбыл облысының әкімдігі мен кәсіпорын басшылары және Ұлттық компаниялар өзара әріптестік туралы бірнеше меморондумға қол қойды.

Жалпы құны 11, 2 млрд. теңге болатын 17 келісім жасалды. Алдағы уақытта жұмысшылар мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты аймақтағы 79 кәсіпорынмен тиісті келісімдер жасалмақ. Қазіргі таңда, Жамбыл өңірінде 5699 кәсіпорын бар.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер Министрінің орынбасары:

Қазір ендігі біздің де жүргізіп жатқан жұмысымыз сол, ең негізгісі - екі жақты келісім болу керек. Бұл енді дағдарыс тек қана мемлекеттің не болмаса Үкметтің дағдарысы емес. Бұл бәріміздікі. Әсіресе, кәсіпорын басшылары, жұмыс берушілердің, сондықтан билік пенен жұмыс берушілер бірге жұмыс істейтін болса, сонда бұл қиындықтардан өтеміз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ