$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Шымкенттік оқушылар ерекше тәсілмен жұмыс істейтін су бұрқақ ойлап тапты

AstanaTV
04.02.2015ж. 10:00
3153
Шымкенттік оқушылар ерекше тәсілмен жұмыс істейтін су бұрқақ ойлап тапты

Шымкенттік оқушылар ерекше тәсілмен жұмыс істейтін су бұрқақ ойлап тапты. Бұл құрылғының басты артықшылығы электр қуатын қажет етпейді.

Оқушы қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді: «су мына құрылғы арқылы артқа қайтады, сол кезде қысымның бәрі мына құрылғының ішіне жиналады. Бұл құрылғыдан, бұл жерден ауа шықпайды. Мынаның ішіне су жиналған сайын су қайда баратынын білмегендіктен жоғары қарай көтеріледі. Су бұрқақ дарынды балаларға арналған мектеп-интернат шәкірттерінің туындысы. Олар өз еңбегін «Фонтан-Герон» деп атаған.

Интеллектуалдық туынды аулаларды көгалдандырып, жасыл желекті жайқалтуға таптырмайтын дүние болмақ. 11-сыныпта оқитын Жақсылық Сейділда мен Мақсат Шекербеков, бұл жобаны 3 жыл бұрын ойға алған. Ұстазының жетекшілігімен жобаны іске кіріскен жастар су бұрқақтың аса мол қаржыны қажет етпейтінін айтады. Тек ағын су болса болғаны.

Жақсылық Сейділдә:

Субұрқақтардың көбісі энергия көзімен қолданылады. Біз осы жағдайды негізге ала отырып, осы фонтан -геронын ойлап таптық. Бұл негізінен гидротаран арқылы көптеген жұмыс атқарады. Бұл гидротаран негізі екі клапаннан тұрады. Екі клапан арқылы жоғары гидростатикалық қысым арқылы суды жоғарғы деңгейге көтеріліп осы арқылы субұрқақ аламыз.

Мақсат Шекербеков:

Қошқар ата өзені қыста да өзі қатпайды, соның жағасына қоятын болсақ, бұл құрылғымыз қадағалаумен әрине төрт мезгілге де біз жұмыс істеуімізге сенеміз.

Айта кетейік, қос оқушының осы еңбегі желтоқсан айында оқушылар арасында өткен облыстық ғылыми жобалар жарысында бас жүлдені жеңіп алды. Ізденімпаз жастар жобаларын бұдан әрі жетілдіре түспек. Өйткені, алда халықаралық жарыс күтіп тұр. Тіпті ЭКСПО -2017 көрмесіне ұсынып көру ойларында бар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ