Мұхтар Әбләзовты
Ресейге экстрадициялау жөніндегі істі қарау кейінге қалдырылды. Париж
соты аталған процесті 18 ақпанға шегерді. Бұл жөнінде France-Press-ке сілтеме
жасай отырып, ТАСС агенттігі жазады.
Яғни қашқын банкирді экстрадициялау күні
белгіленген жоқ. Әбләзовтың өзі әлі де Францияда қамауда отыр. Еске салайық, Лионның апелляциялық соты өткен күзде қазақстандық банкирді Ресейге беру
жөніндегі өтінішті қанағаттандырды.
Алайда, Әбләзовтың қорғаушылары Кассациялық
сотқа шағым түсіріп, бұл шешімнің қайта қаралуын талап еткен. БТА-Банктің
бұрынғы басшысы 2013 жылы жазда Францияда қолға түсті. Ол ірі қаржылық
құйтырқылықтарға барды деп айыпталуда.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА