$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қаржылай қиындықтың салқыны қарапайым халыққа тимеуі қажет

AstanaTV
05.02.2015ж. 10:00
607
 Қаржылай қиындықтың салқыны қарапайым халыққа тимеуі қажет

Қаржылай қиындықтың салқыны қарапайым халыққа тимеуі қажет. Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осыны қадап айтты.

Ірі компаниялардың басшыларымен кездескен вице-премьер тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша тоқталды. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қиын-қыстау кезеңде кәсіпорындардағы мамандар мен жұмысшылар қысқартуға ұшырамауы тиіс.

Бұл бастама бизнес иелері тарапынан да қолдау тапты. Екі тарап жалпы құны 14 млрд теңгені құрайтын 8 меморадумға қол қойды. Нәтижесінде өндіріс ошақтары кері кету үрдісіне тап болмай, керісінше дамудың даңғыл жолына шықпақ.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары:

Мемлекеттік қордан тағыда 1 трлн теңге бөлінді. Ол енді негізінен жаңағы айтылған инфрақұрылымдарды жүзеге асыру үшін, жаңадан жұмыс орындарын ашу үшін жаратылады. Негізгі енді біздің болжамымыз бойынша, егер осы барлық жоспарлар дер кезінде тиімді берілген қаржылар пайдаланатын болса, ең кем дегенде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайдалануы керек.

Абзал ҚҰРМАНКИН  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах