$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Венгрия билігі Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуден бас тартты

AstanaTV
05.02.2015ж. 10:00
665
Венгрия билігі Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуден бас тартты

«Венгрия билігі Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етпейді. Бұл туралы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Янош Лазар мәлімдеді», - деп жазады «Bloomberg». Лазардың айтуынша, «егер Вашингтон Киевке қару тасымалдау туралы шешім қабылдаса, бұл аса қауіпті болмақ. АҚШ-тың Еуропа мен Ресейдің арасына килігуінің соңы жақсылыққа апармайды»,- деді ол.

Айта кетейік, 2 ақпанда Германия канцлері Ангела Меркель Украинаға қару-жарақ тасымалдамайтынын мәлімдеген. Ал Америка тарабы, украиналықтарға әскери көмек беру жаңа қантөгістердің басталуына себеп болуы мүмкін екенін айтқан-ды.

Бүгінде Вашингтон Украинадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 320 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетуде.

Жұрағат БАМАН    

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах