Америкалық
Procter&Gamble компаниясы өнімдердің құнын 30-50% арттырмақ. Бұл жайында
РБК хабарлайды. Фирма аталмыш шешімін көтерме саудагерлер мен ритейлерлерге
жеткізген көрінеді.
Яғни бұдан былай балалардың жөргектері, кір жуатын ұнтақ,
тіс пастасы, шаш бояуы мен өзге де гигиеналық заттардың бағасы қымбаттайды.
Procter&Gamble компаниясының өкілдері бұны жаһандық макроэкономикалық
ахуалмен түсіндіріп отыр.
Айтуларынша, тиісті шикізат пен арнайы қораптардың бағасы
өскендіктен, басқа амал қалмаған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА