$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Мұрат Оспановтың сот алдындағы «соңғы» сөзі әзір

AstanaTV
05.02.2015ж. 20:00
1102
Мұрат Оспановтың сот алдындағы «соңғы» сөзі әзір

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін болуы тиіс жарыссөз отырысында адвокаттар істің басты фигуранттары Марат Оспанов пен Арман Ақтайдың өзара алмасқан смс хабарламаларын қалпына келтіру үшін, арнайы маманның қызметіне жүгіну жөнінде өтініш жасады. Сот төрағасы өтінішті қанағаттандырғанмен, шақырылған маман түстен кейінгі отырыста ақпаратты қалыпқа келтіре алмағандығын айтты.

Ізінше айыпталушының адвокаттары сотқа қатарынан бірнеше өтініш түсірді, алайда судья Ербол Рахымбеков олардың бірін де қабылдамады. Бір істі қарау 3 айға созылып бара жатқанын алға тартқан сот төрағасы тараптарды жарыссөзге үндеді, алайда соңғы сөзге Мұрат Оспанов қана дайын болып шықты.

И так, государственный обвинитель, к прениям готовы? – Нет, ваша честь, нам нужно 5 рабочих дней. -5 рабочих дней? Мы сидим 3 месяца, а вы еще 5 дней просите? Садитесь. Защита вы готовы? - Мы в принципе готовы, но мы поддерживаем ходатайство прокурора. – Оспанов, вы готовы? -Да. - Вот видите, не в принципе, человек готов полностью.

Жарыссөз ақпанның онына бекітілді. Атышулы іске нүкте алдағы екі аптаның ішінде қойылуы мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ