$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Олланд пен Меркель Украина ахуалын талқылау үшін Мәскеуге барады

AstanaTV
05.02.2015ж. 20:00
1214
Олланд пен Меркель Украина ахуалын талқылау үшін Мәскеуге барады

Франция президенті мен Германия канцлері ертең Ресей астанасына барып, Украина ахуалын сөз етеді. Бұл ақпаратты Рейтерс агенттігі таратты. Еуропа лидерлері әлемді толғандырып отырған мәселе бойынша жаңа ұсыныстар жасайды деп күтілуде. Франсуа Олланд ұсыныстар Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау төңірегінде болатынын айтты.

Сонымен қатар Олланд ресми Париж, Киевтің солтүстік атлантикалық альянсқа қосылуын қолдамайтынын мәлімдеген. Айта өтейік, екі лидер дәл қазір Украинада. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Кери де сонда.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Ангела Меркельмен бірге Ресейге жаңа ұсыныстар жасамақпыз. Сол ұсыныстар Украинадағы ахуалды реттеуге ықпалдасады деген үміттеміз. Біздің басты ұстанымымыз - Украинаның территориялық тұтастығын қамтамасыз ету. Бүгін Украина президентімен кездесіп, ертең Ресей Федерациясының басшысымен келіссөздер жүргіземіз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА