Елордалық «Барыс» командасы сырт алаңда
жеңіске жетті. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Сочи» клубына қонаққа барған
Андрей Назаровтың шәкірттері 4-2 есебімен басым түсті. Қазақстандық ұжым сапында бір
рет шайба соғып, екі мәрте нәтижелі пас шығарған Роман Старченко кездесудің
үздік ойыншысы атанды. Басқа да спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.
Біріккен
Араб Әмірліктерінде велоспорттан «Дубай» туры басталды. Дәрежелі
жарысқа әлемнің үздік командалары жиналып, төрт күн бойы өзара мықтыны
анықтайды. Жазық жолда өткен бірінші кезеңде командалар 145 шақырымды
бағындырды. Бұл бәсекеде спринтірлік жарыстың хас шебері ұлыбританиялық Марк
Кэкендиш жеңіске жетті. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен «Астана» командасының спортшысы Андреа Гуардини екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны «Скай» командасының өкілі Элиа Вивиани еншіледі. Қазақстандық
команданың қалған спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Бұл
жетістігінін кейін Марк Кэвендиш жалпы есепте көш бастады. Одан 4 секундқа
қалып тұрған Андреа Гуардини екінші сатыда. «Астана» командасының
капитаны италиялық Винченцо Нибали көш басшыға небәрі 10 секунд ұтылып, әзірге
жалпы есепте 74-ші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшылар арасынан Руслан
Тлеубаев пен Алексей Луценко алғашқы 30 мықтының қатарынан көрінді.
Дортмунд
қаласының «Боруссия» командасы жеңілістен көз ашар емес. Германия
чемпионатының 19-шы турында «Аугсбург» клубын қабылдаған Юрген
Клоптың шәкірттері 1-0 есебімен ұтылып қалды. Бұл ойындағы жеңіс голын қонақтар
сапында Вернер екінші таймда соқты.
Араға
15 минут салып, «Аугсбург» қорғаушысы Янкер шабуылшы Обамеянгке қарсы
тәртіп бұзды. Бұл сәтті көзден таса жібермеген бас қазы ойыншыға қызыл қағаз
көрсетіп, алаңнан қуды. Бір футболшыға кемігеніне қарамастан, қалған уақтта
қорғанысы сыр бермеген қонақтар жеңіс есебін ұстап қалды. Ал «Боруссия» командасы кезекті жеңілістен кейін жанкүйерлер алдында
сөзбен ақталуға тура келді.
Самат ҚАНАҒАТОВ