$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы салтанатты түрде ашылады

AstanaTV
06.02.2015ж. 10:00
1011
 Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы салтанатты түрде ашылады

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтеді. 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғаны белгілі.

Осы ретте этносаралық ынтымақты арттыруға бағытталған ірі мәдени іс-шараларды жыл бойы өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы жариялады. Ал 1995 жылдың 1 наурызында тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Мемлекеттің тәуелсіздігі азаматтарымыз Конституция мен заңдарды барынша сақтап, ынтымақтаса өмір сүргенде ғана мызғымайды. Бұл ретте ҚХА көпұлтты еліміздегі халықтар достастығын ту етіп, этносаралық қатынастар, азаматтық теңдік мәселелерін қамтамасыз етіп келеді.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА