Le Figaro басылымының ақпарына сәйкес, Венесуэла үкіметі президент Уго
Чавестің өлімін екі ай бойы жасырып келген. АҚШ-қа қоныс аударған президент
қауіпсіздігі қызметінің бұрынғы басшысы Лемзи Салазар осындай құпияны ашты.
Айтуынша,Венесуэла басшылығы Уго Чавестің өлімін 2012 жылдың 30-шы
желтоқсанынан келесі жылдың 5-ші наурызына дейін жарияламаған. Бұл ақпаратты
Панаманың Америка мемлекеттері ұйымындағы бұрынғы елшісі Гильермо Кочес «Twitter»-де растады.
Бұл
мемлекеттік құпия-Уго Чавестің билігі оның ізбасары Николас Мадуроға өткенше
жарияланған жоқ. Яғни 2012 жылдың желтоқсаны мен 2013 жылдың наурызы аралығында
Уго Чавес бірқатар декреттерге қол қойған, деп хабарлайды Le Figaro.
Сонымен
қатар басылымдағы ақпаратта, Уго Чавестің өлімі-үкімет билігінің әлсіреуіне,
экономикалық дағдарыс пен әлемдегі мұнай құнының төмендеп кетуіне де әсер
етті,-делінген.