$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда өз-өзіне қол жұмсаған полицей көз жұмды

AstanaTV
06.02.2015ж. 13:00
1372
Қостанайда өз-өзіне қол жұмсаған полицей көз жұмды

Қостанайда өз-өзіне қол жұмсаған полицей көз жұмды. Мұны арнамыздың тілшілеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс қызметкері Ксения Барабанова мәлімдеді.

Ішкі істер бөлімі жедел уәкілінің табельдік қарумен өзін атқаны туралы кеше хабарладық. Ауыр жараланған тәртіп сақшысы жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Кеше ол таңертең табельді қаруын алған соң, ешкімге айтпастан қызмет орнынан кетіп қалған.

Қару асынған полицейді тез арада табу үшін іздеу жарияланып, орталық жедел басқармасына хабар түседі. Екі сағаттан соң қызметкердің жеке көлігі бейнебақылауға іліккен. Тәртіп сақшылары қара түсті «Лада» көлігін тоқтатуға бұйрық береді.

Бірақ көлікті тізгіндеп келе жатқан полицей өзіне оқ атып, ауыр жарақат алды. Оқиғаның мән-жайын қазір Ішкі істер органының қауіпсіздік басқармасы анықтап жатыр.

Заңғар САНАЙ